Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан

25 мар 2024, 21:03
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
138
0

Қазақ тілі 8 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис
Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті 
сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз. 
2. «Әдебиет пен өнер болмаған жағдайда ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсіреповтің 
пікірін Сіз қалай түсінесіз? Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы 
дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті 
сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
[10]

Тазарғың келсе, театрға бар!
«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит 
Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен 
тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» 
дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны 
ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-
өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және 
ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің 
қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің 
басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ 
еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің 
өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами 
бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, 
өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» 
театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен 
сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, 
Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат 
қақты.

Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті 
сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз. 
2. «Бүгінгі таңда театр көрермендерінің мәдениеті төмендеп кетті» деген пікірмен келісесіз 
бе? Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір 
білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты 
тіркестерді қолданыңыз.
[10]

Көрерменің қандай, қазақ театры?
Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге 
дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің 
мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті 
болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен 
сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің 
қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер 
ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі 
күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.