БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан ҚГБ «Іс-жүргізу құқығының негіздері»
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Құқық негіздері» 10-сынып 4-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан ҚГБ «Іс-жүргізу құқығының негіздері»
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері
Азаматтық процестің субъектілері
Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері
Оқу мақсаты 10.4.1.1 Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен
қағидаттарын түсіндіру
10.4.2.2 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен
принцптерін талдау
10.4.3.2 Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық
негіздерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен
қағидаттарын анықтайды
Азаматтық процеске қатысатын субъектілерді
ажыратады
Әкімшілік процесті жүзеге асыру үшін қажетті
нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі кестеде берілген түсініктерді қылмыстық процестің міндеттерімен
қағидаттарына сәйкестендіріп жазыңыз. Әр бағанға кем дегенде екі жауап жазыңыз.
Қылмыстық процесс міндеттері Қылмыстық процесс қағидаттары
Судьялардың тәуелсіздігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Зандылық.
Бейтараптықпен, тез және толық ашу. Адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сот арқылы қорғау. Тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу
және қылмыстық жауаптылыққа тарту. Әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс
қолдану. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау. Адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау.
Меншікке қол сұқпаушылық. Кінәсіздік презумпциясы. Жариялылық
2. Берілген ақпаратпен/мәтінмен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі (үзінді)
5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР
43-бап. Іске қатысатын адамдардың құрамы
1. Тараптар; үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі
басқару органдары, заңды тұлғалар немесе осы Кодекстің 55 және 56-баптарында көзделген
негіздер бойынша процеске кіретін азаматтар; осы Кодекстің 302-бабында санамаланған сот
ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен өзге де мүдделі
адамдар іске қатысатын адамдар деп танылады.
45-бап. Азаматтық процестік әрекетке қабілеттілігі
Cкaчaть документ