БЖБ «Әдебиеттік оқу» 2-сынып 1-тоқсан «Өзім туралы»
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» 2-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген
БЖБ «Әдебиеттік оқу» 2-сынып 1-тоқсан «Өзім туралы»
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беру
2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша
немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау,
сахналау
Бағалау критерийіБілім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
Мәтінді жоспар бойынша мазмұндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты20минут
Тапсырма
1)Мәтінді мұқият тыңда.
1)Берілгеніс-әрекеттердіңқай кейіпкерге қатысты екенін анықтап, кестеге жаз.
Сөз тіркестері:состиып тұр, алара қарады, ентігіп қалыпты.
Досжан
Қалтай қария
Балалар
2)Досжан қандай бала деп ойлайсың? Неліктен?
3)Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт.
Жоспар:
1.Құдық басында
2.Досжанның көмегі
4
Досжан қолына шелек алып, құдыққа қарай беттеді. Құдық басында кісі көп
екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала анадайда
состиып қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол қарияның шелегін сұрап
алды. Атын суғарып берді. Бағила әжейдің шелегін суға толтырып, үйіне дейін
апарып берді.
Қариялар Досжанға алғыс айтып, батасын берді.
Cкaчaть документ