БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 5 сынып «Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар»
Жиынтық бағалау бөлімі «Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар»
Қазақ тілі мен әдебиеті 5 сынып (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 5 сынып «Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар»
Бөлім «Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар»
Оқу мақсаты 5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби
шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
5.4.5.1.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін
ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай
дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді
орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды
Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін
орынды қолданады
Білу және түсіну
Орындау уақаты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.
Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының:
«Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз
армандары болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып,
үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын
ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды.
Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып,
ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:
– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, -
дейді.
Толағай:
– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде
орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай
әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр
сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт
Толағайды есіне алады екен
Cкaчaть документ