Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 3 тоқсан «Жастар мәселесінің түйіткілдері»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 3 тоқсан «Жастар мәселесінің түйіткілдері»

26 фев 2024, 07:59
Русский раздел / СОР СОЧ / 11 класс
290
0

Жиынтық бағалау «Жастар мәселесінің түйіткілдері»

Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 3 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 3 тоқсан «Жастар мәселесінің түйіткілдері»

«Жастар мәселесінің түйіткілдері», «Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
11.3.6.1
11.4.2.1
11.4.6.1
мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген
мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі,
дәлелді жеткізу
қажетті ақпараттарды орынды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп
эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті
эссе)
мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазу, мәтін
деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіннің негізгі ойын анықтап, көтерілген мәселеге
сыни көзқарасын жүйелі білдіреді
 Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп
келісу, келіспеу эссесін жазады
 Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
 Тыныс белгілерін дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, төмндегі тапсырмаларды орындаңыз.
Оқылым мәтіні
Ұлмекен ТӨЛЕШОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану
факультетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты:
– Шу-шу еткен қалада бір сәт өзіңмен өзің қалуға уақыт та, ыңғай да жоқ. Соның
зардабы есін білгелі қалада өсіп келе жатқан балалардың бойынан көзге ұрып көрініп
тұрады. Таңертең тұрып шай ішіп отырғанда теледидар көреді, сабаққа бара жатқанда
құлағында құлаққап, музыка тыңдап бара жатады. Мектепте, әйтеуір, балалармен
араласады. Одан шыққан соң тағы да әлгіндей музыка, үйге келген соң теледидар мен
ғаламтор. Таңның атысынан кештің батысына дейін толассыз ақпарат қабылдайды.
Сөйтіп, сол ақпаратты саралап, байыптауға уақыт қалмайды. Адамға тән сезімдердің
құнсызданып бара жатқаны да содан.
Қазіргі аға буын жас кезінде партияның қатал тәрбиесін көрген, тәртіпке үйренген.
Ал тәуелсіздік қарсаңында, тәуелсіздік алғаннна кейін туған жастар үшін ешқандай жүйе
жоқ. Сондықтан да олар үшін мына нәрсе маңызды деп дөп басып айту – қиынның қиыны.
Жақында бір туысымның қызы, мектеп бітірген, «қайда оқығың келеді?» деп
сұрасам, «маған бәрібір, тек шетелде оқысам болды» дейді. «Бәрібір» дейтіні, болашағы
жайлы армандап, қиялдамайтынынан. Кез келген нәрсені уақыты келгенде ғана ойлайды.
Алдын ала қамдану деген жоқ. Ал «шетелде оқысам болды» дейтін себебі – ел алдында
жарқылдап, жұрт назарында жүргісі келетіндіктен. Ешқайсысы көптің бірі болғысы
келмейді, қарапайым болғысы келмейді.
Жастарымызға ұлттық тәрбие керек-ақ. Бұл жағынан ауыл жастарында аздаған
артықшылық бар. Көрші-қолаңмен араласып өскен бала қанша дегенмен көпшілдеу
болады. Үй еңбегімен айналысып, табиғатқа жақын өскендіктен, милары тұнық келеді. 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.