БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
Жиынтық бағалау бөлімі«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
Қазақ тілі мен әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Оқу мақсаты5.3.3.1Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби
шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу
құралдарын қолданып жазу
5.5.1.1Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата
білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Мәтін тақырыбын анықтайды
Жазба жұмысында сипаттау,бейнелеу құралдарын
қолданады
Мәтіндегі жалпы, жалқы есімдерді анықтайды
Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.
_____________________
Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған
бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:
– Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? - деді.
– Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.
– Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді
түлкі.
– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы
мүмкін, - деді қырғауыл.
– Ей,достым,биылғы заман бұрынғы емес!Бүгінқалаға барыпкеліпедім,«біреуге біреу зорлық қылмасын»дегенбұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.
– Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл. Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.
– Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді.
Cкaчaть документ