Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі 3-сынып, 3 тоқсан «Өнер»

БЖБ Қазақ тілі 3-сынып, 3 тоқсан «Өнер»

25 янв 2024, 11:52
Русский раздел / 3 класс / СОР СОЧ
237
1

«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі 3 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 3-сынып, 3 тоқсан «Өнер»

«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 3.1.4.1* Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және
жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен
оқиғалар ретін анықтау
3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу
барысында қолдану
3.2.4.1* Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер
негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын және оқиғалар ретін анықтайды
• Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін мазмұнын тірек сөздердің көмегімен баяндайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтін кім туралы? ___________________________________
• Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін көрсет (1,2,3).
 Қорқыт ата – ұлы сазгер, қобызшы. Ол туралы аңыздар өте көп. Аңыз бойынша
Қорқыт ата судың бетінде отырып, қобызбен күй тартады, бірақ суға батпайды екен.
Оның күйін естіген адамдар да, жануарлар да тоқтап тұрады екен. Бір күні Қорқыт
ата ұйықтап жатқанда, оны жылан шағып алыпты.
 Қазір Қызылорда облысында Қорқыт атаға арналған кесене бар. Одан қобыздың
дыбысы естіліп тұрғандай болады.
Қорқыт ата шаршап, ұйықтап кетеді.
Қорқыт ата көп уақыт қобыз тартады.
Қорқыт атаны жылан шағып алады.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость гульнара
Гость гульнара

сор з четверть

бжб 3 четверть

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.