Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 3 тоқсан «Табиғат құбылыстары»

БЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 3 тоқсан «Табиғат құбылыстары»

26 янв 2024, 20:11
Русский раздел / СОР СОЧ / 4 класс
210
0

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі 4 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 3 тоқсан «Табиғат құбылыстары»

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 4.1.4.1* Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық
байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды
мұғалімнің қолдауымен анықтау
4.2.4.1* Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді
• Мәтінді жоспар бойынша толық мазмұндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Желтоқсан – қыстың басы. Қыста күннің жылуы азаяды. Терең үйшіктерде
жатқан жануарла аяздан қорықпайды. Себебі қардан суық өтпейді.
Қыста кейде қатты боран соғады. Ондай кезде далаға шығу қиын. Боранды күні
адасып қалуға болады. Сондықтан мұндай күні абай болу керек.
Қыс бірден түсе қоймайды. Өзенге мұз қатқан кезден бастап қыс келді деп
айтуға болады. Аязды күні жауған қар құрғақ , ал жылы күні жауған қар жабысқақ
болады. Жабысқақ қар домалатып ойнауға ыңғайлы.
Ал қар үстінде ойнау қандай керемет! Балалар қыс мезгілін жақсы көреді.
Аққала жасап, қар атысып ойнау, шанамен сырғанау, шаңғы тебу – балалардың ең
сүйікті ісі.
1) Мәтінде қандай қысқы қауіп туралы айтылады?
A) тоңу
B) адасу
C) құлау
D) үсіп қалу
2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 2 сөйлемді анықта.
A) Қыста күннің жылуы азаяды.
B) Боранды күндері ешқандай қауіп жоқ.
C) Жабысқақ қар домалатып ойнауға ыңғайлы.
D) Қыс келді деп алғашқы қар жауған кезден бастап айтады.
3) Терең үйшіктерде жатқан жануарларға аяз неліктен әсер ете алмайды?
_____________________________________________________________________
2-тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын айт.
1) Қыс мезгілі
2) Қысқы қауіп
3) Қысқы қуаныш



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.