Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » «Математика» 1-сынып  күнтізбелік тақырыптық жоспары

«Математика» 1-сынып  күнтізбелік тақырыптық жоспары

08 авг 2023, 10:14
Қазақша / КТЖ / 1 сынып
538
1

«Математика» 1-сынып күнтізбелік – тақырыптық жоспары



«Математика» пәнін оқытуға 1 сыныпта 140 сағат бөлінген.   



Аптасына : 4 сағат


Математика пәні бастауыш білім деңгейінде «Математика» білім саласындағы кіріктірілген пән. Оны игеру 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектеп деңгейінде білімді жалғастырудан тұрады.1-сыныпта 0 санынан 20 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен; «ондық», «жүз» сандарымен таныстыру басталады; 2-сыныпта қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.


 Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:


логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту


тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту


оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту


түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту


сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту


ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген


өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну


коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту


"Математика" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:



1) "Сандар мен шамалар": натурал сандар және 0 саны, тура, кері және реттік санау, сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандар құрамы, разрядтық құрамы, разрядтық қосылғыштар, ондықтар, сандарды топтап санау, сандармен амалдар орындау, сандарды қосу мен азайту, қосу мен азайту өзара кері амалдар, қосудың ауыстырымдылық қасиеті, 1 мен 0-дің қасиеті, сандардың қосу кестесі, шамалар және олардың өлшем бірліктері, ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамалары, шамаларды өлшеу, салыстыру, түрлендіру, циферблат бойынша уақытты анықтау, тиындармен әрекеттер;


2) "Алгебра элементтері": сандық және әріптік өрнектер, сандық және әріптік өрнектерді құрастыру, жазу және оқу, әріптік өрнектің мәні, теңдік құру үшін әріптік өрнектер түрінде қолдану, өрнектерді салыстыру, теңдіктер мен теңсіздіктер, теңдеулер, тура және тура емес теңдіктер, теңдеулерді шешу;


3) "Геометрия элементтері": геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі, нүкте, түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, жазық және кеңістік фигуралар, геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру, геометриялық фигураларды кескіндеу және салу, түзу, қисық сызық, сынық сызық, кесінді, геометриялық фигуралардан құралған композициялар, нысандардың орналасуы және бағыты, нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты, нүктелердің сан сәулесінде орналасуы;


4) "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындар, жиындардың жіктелуі, жиындарды салыстыру, тең жиындар, бос жиын, пікірлер, ақиқат немесе жалған тұжырымдар, ребустар, логикалық есептер, тізбектер, сандар мен амалдар тізбегі, заттар комбинациялары, "екі-екіден" заттар комбинациялары;


5) "Математикалық моделдеу": есептер және математикалық модель, есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу, ұғымдар, терминдар, есептерді талдау және шығару, кері есептер, есептерді шығару тәсілдері, математикалық тіл, сандарды бейнелеу, "+", "-", "≠", "=", ">", "<" белгілері, сан сәулесі, қосу және азайту амалдарының компоненттері, деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.



 


«МАТЕМАТИКА»  ПӘНІ  БОЙЫНША  ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ  ЖОСПАР



 


І тоқсан (34 сағат)


Ортақ тақырыптар: «Өзім туралы», «Менің мектебім»


Сабақ


Сабақтың тақырыбы/


Лексикалық тақырып


 

                                                        Мақсаттар


 

1А. Сандар мен цифрлар


1


Заттарды санау /


Менің туған күнім


1.1.1.1**натурал сандардың құрылу жолын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.


2


Заттар тобын салыстыру /


Менің отбасым


1.5.1.2 ** сандарды, заттарды, тауардың құнын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану / заттар арасындағы арақашықтықты, бағытты, орналасуын анықтайтын терминдерді пайдалану;


1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын/сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану;


1.5.2.2** «+», «–», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын қолдану.


3


1 саны және цифры /


Менің бөлмем


1.1.1.1**натурал сандар құрылу жолын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;


1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.


4


2 саны және цифры.


2 санының құрамы /


Менің сыныбымда


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;


1.3.2.4  геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен – кіші, жоғары – төмен, кең – тар, жуан – жіңішке, қалың – жұқа);


1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау.


5


3 саны және цифры.


3 санының құрамы /


Мектептің спорт алаңында


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;


1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен – кіші, жоғары – төмен, кең – тар, жуан – жіңішке, қалың – жұқа);


1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау.


6


Қосу және азайту /


Менің мектептегі достарым


1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну;


1.1.2.5** ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау;


1.1.2.3** 1 санының қасиетін қолдану.


7


Қосу және азайту /


Мен мектепке барамын


1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну;


1.1.2.5** ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау;


1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.


8


4 саны және цифры.


4 санының құрамы /


Серуенде


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;


1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.


9


5 саны және цифры.


5 санының құрамы /


Менің оқу құралдарым


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;


1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.


10


5-ке дейін санау /


Бірге санаймыз


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;


1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.


11


0 саны және цифры.


0-ді қосу мен азайту /


Мектеп автобусы


1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну;


1.1.2.3  0-дің қасиетін қолдану.


12


6 саны және цифры /


Мектептегі концерт


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау;


1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.


13


6 санының құрамы /


Санауды үйренемін


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;


1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.


14


7 саны және цифры /


Мектеп кітапханасы


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;


1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау;


1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость гулнур
Гость гулнур

gffhgj hkmujkmgjvgcfgb fccgchgxdcbhn vb   ndxfgbn vfnhnb                   dhgbgvn        vngmn

Айнабек Гульнара Елеукенқызы
Айнабек Гульнара Елеукенқызы

Математика 1 сынып ктж керек

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.