Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 4-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 4-тоқсан

26 мар 2024, 16:51
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 9 сынып
135
0

Қазақ тілі 9 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)



ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 4-тоқсан

«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» 
бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін 
анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірлік мәселелермен байланыстырып, көзқарасыңызды 
мысалдармен дәлелдеңіз. Жағдаятқа сай сөздер мен тіркестерді қолдануды ескеріңіз. 
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ 
қойыңыз. Татқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт
1-мәтін
Әрбір қоғам көптеген адамдарды, партияларды, ұйымдарды, әлеуметтік топтарды 
біріктіретіндіктен, әр адамның, әр топтың өзіндік ерекшеліктерге ие мүдделері мен 
талаптары болады. Кейде осы мүдделер қақтығысып қалатын жағдайлар да орын алып 
отырады. Мәселен, белгілі бір аудан тұрғындары үйлеріне жақын жерден көлік гараждарын 
немесе жанармай станциясын салуға болмайды деп санайтын кезде, ал қала әкімдігі құрылыс 
жоспарын бекітіп қойған жағдайда қақтығыстың әбден орын алуы мүмкін екендігін сеніммен 
айтуға болады.
Қақтығыстар үлкен ауқымда да көрініс табуы мүмкін. Мәселен, оппозициялық партия 
кандидаттардан арнайы қорларға ақша төлеуді талап ететін сайлауалды заңнамасымен 
келіспей, заңның осы бабын қайта қарауды талап ететін жағдайда да қақтығыс орын алуы 
мүмкін. Біздің әрқайсысымыз осы тәрізді орын алуы мүмкін көптеген қақтығыстардың 
қатысушылары бола аламыз.
Әдетте, ең күрделі қақтығыстар тек шектеулі түрдегі заттар туралы егестердің 
төңірегінде орын алады. Мәселен, көрші елдердің арасында шекараларда орналасқан су 
ресурстарын бөлу бойынша пікір қайшылықтары көп орын алады. Осы ретте болашақ астық 
пен өнімдер суарылатын жерлермен тікелей тәуелділікте көрінетін Орталық Азия елдері 
арасында өткір ахуалдардың орын алуы әбден мүмкін. Біздің еліміздегі көптеген 
экологиялық ұйымдар мен саяси қайраткерлер Ертіс өзенін бұру жолымен Қытайда салынып 
жатқан Ертіс-Қарамай каналына қатысты алаңдаушылық білдіруде, өйткені бұл жағдайда 
Қазақстанның едәуір аумағы құрғақшылық тартатыны анық. Мұндай жағдайларда 
қақтығысты шешу үшін оған қатысушы тараптардың белгілі бір түрде шегіністер жасауы 
талап етіледі.
2-мәтін
Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА 
корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры:
- «Адамның күні – адаммен» демекші, өмірде барлығымыз бір-бірімізбен өзара 
байланыстамыз. Дегенмен адамдар шын мәнінде жарастықта, үйлесімде өмір сүріп 
жатпағаны да рас. Бүгінгі күні адамзат ақпараттар, технологиялар және біліммен жақсы 
қаруланған, бірақ, өкінішке орай, соғыс пен түрлі қақтығыстарға жол бермеуге қауқары 
жетпеуде.
Көпшілігіміз үшін, шүкір, бейбіт өмір – күнделікті шындық. Күнбе-күн біздер 
университетке жұмысқа барамыз, көшелеріміз тыныш… Сонда біз осы мамыражай бейбіт 
тірлік құндылығына аса көңіл бөлмеуіміз де мүмкін. Бейбітшілік те ауа сияқты – барлығы 
білінбейді, ал егер жазатайым жоқ болып қалса – тіршілікке үлкен қауіп тудырады. Өкінішке 
орай, бізге күнделікті үйреншікті жағдай – әлемнің түрлі бөліктерінде шиеленіс пен 
қорқыныш қаупіне бөленген адамдар үшін арман ғана.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.