Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан «Мәдени мұр»

БЖБ Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан «Мәдени мұр»

20 ноя 2023, 12:58
Русский раздел / СОР СОЧ / 4 класс
302
0

БЖБ Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан «Мәдени мұр»


«Мәдени мұр» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


«Мәдени мұр» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау БЖБ


1-тапсырма
а) Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 5-6 тірек сөз жаз.
Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Қаланың бұрынғы атауы – Яссы.
Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің
кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи
кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы,
моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын
ауа араласпайды.
Қасиетті Түркістан – қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын
қалалардың бірі.
Тірек сөздер: ___________________________________________________________________
b) Мәтіннің мазмұнына қатысты 2 сұрақ құрастырып жаз.
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
с) Мәтінге сүйеніп, сөйлемді толықтырып жаз.
Шығыс моншасындағы бөлмелердің есігі жоқ, бірақ мұнда__________________
_____________________________________________________________________
2-тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.
Жоспар:
1) Көне Түркістан
2) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
3) Шығыс моншасы



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.