Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі 3 сынып 1 тоқсан «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

БЖБ Қазақ тілі 3 сынып 1 тоқсан «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

26 сен 2023, 18:00
Русский раздел / СОР СОЧ / 3 класс
668
0

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Қазақ тілі 3 сынып 1 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы БЖБ


Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.3.3.1* Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата,
 мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау
 мәтіндерін анықтау
3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан
құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3.5.1.2* Өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/ септік/
 жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде
 қолдану
3.5.1.5* Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін
 сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен
 құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрлерін ажыратады
• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
• Көптік жалғаулы сөздерді анықтайды
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтінге сәйкес сөйлемдерді белгіле ().
 Әжейге мектеп оқушылары келеді.
 Әжей балаларға тамақ дайындайды.
 Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды.
• Бұл қандай мәтін? Белгіле ().
Әжей
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз
болмайды. Оған мектеп оқушылары келіп тұрады. Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды.
Ұлдар дүкеннен азық -түлік әкеледі. Әжей балаларға қызық әңгімелер айтады. Олар
қызыға тыңдайды.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.